Шатырдан секіріп өлгендерге ескерткіш қойылды

0
2 271

Бұл мүсіндер - дәлме-дәл адамның көшірмесі. Идея авторы – көше суретшісі Дженкинс және адам өмірін сақтап қалу үшін күресіп жүрген қайырымдылық ұйымы. Ұлыбританияда соңғы кезде шатырдан құлап, қайтыс болған ең үлкен ер адамның жасы 45-те болған. Аптасына 4 адам өзіне қол салса, соның үшеуі ер адам деген дерек бар.


Шатырдан секіріп өлгендерге ескерткіш қойылды

Орталық Лондонда орналасқан әйгілі бизнес орталықтың шатырында 84 адамның мүсіні бар. Олар секіруге дайындалып тұрған кейіпте бейнеленген. Апта сайын Ұлыбритания астанасында өзіне-өзі қол салу оқиғалары жиілеп кеткендіктен, сәулетшілер осындай ерекше идея ойлап тапқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.

Бұл мүсіндер - дәлме-дәл адамның көшірмесі. Идея авторы – көше суретшісі Дженкинс және адам өмірін сақтап қалу үшін күресіп жүрген қайырымдылық ұйымы. Ұлыбританияда соңғы кезде шатырдан құлап, қайтыс болған ең үлкен ер адамның жасы 45-те болған. Аптасына 4 адам өзіне қол салса, соның үшеуі ер адам деген дерек бар.

Аталған мүсіндер Ұлыбританияда 1 сәуірге дейін тұрады, одан кейін алынып тасталмақ. Адамға қатты ұқсайтын мүсіндерді жасау шеберлігімен танылған Дженкинс бұл жолы да көптің зәресін алды. Тұрғындар оларды шын адам деп қалып, қатты таңғалған. Ал шын мәнінде, Дженкинс 84 мүсіннің әрқайсысының өз оқиғасы бар дейді. Соңғы уақытта өзіне қол салған адамдардың сырт келбеті зерттелген. Бет пішіні жасырын қалдырылған мүсіндерді суретші оралған таспалардан жасаған.

ITV телеарнасы күнделікті осы шатырдан тікелей эфирге қосылып, әрбір мүсіннің оқиғасын айтып, олардың дос, туыстарынан сұхбат алып жатыр. Яғни, бұл шара арқылы адамдарға ой салып, өзіне қол жұмсау қылмысының алдын алу басты мақсат дейді ұйымдастырушылар. 80 мың адам осы шара аясында петицияға қол қойып, Үкіметке өз өтініштерін білдірді. Суицидтің алдын алу үшін елде көптеген іс-шара жүргізілетін болды.

Адамдар аталған мүсіндерге оң қабақ танытып, қиын жағдайда жүрген, шатасып кеткен ер-азаматтарға үндеу тастады. «Бәрін де қалпына келтіруге болады, тек өлудің қажеті жоқ» деген ұранды алға тартты.