24 мамырда Швейцарияның Церматт тау шаңғысы курортының үстіндегі мұздықта бес шаңғышының денелері табылды.
Сурет: pexels
ERNUR.KZ. Римпфишорн (Швейцария) шыңының түбінен бес шаңғышы өлі күйінде табылды. Дегенмен, олардың кім екендігі әлі анықталмады, деп жазады zakon.kz.
Radio Télévision Suisse ақпаратынша, 24 мамырда Швейцарияның Церматт тау шаңғысы курортының үстіндегі мұздықта бес шаңғышының денелері табылды. Бұл туралы басқа топтағы екі шаңғышы хабарлаған. Олар Римпфишорн шыңының етегінде лақтырылған шаңғыларды көргенін айтқан.
Биліктің айтуынша, жедел жәрдем дәрігері, фельдшері және Valais cantonal Rescue Organization екі маманы бар Air Zermatt ұшағы дереу оқиға орнына ұшқан.
"Құрбандарды ресми түрде анықтау әлі де жалғасуда", – деді Вале кантонының өкілдері.
Прокурорлар оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін тергеуді бастады.