Агенттік бұл шара қазіргі Венесуэла үкіметінің ешбір мүшесіне әсер етпейтінін жеткізді.
Фото: РИА Новости
ERNUR.KZ. Швейцарияның Федералдық кеңесі мәлімдеме жасап, Венесуэла президенті Николас Мадуроның барлық активтеріне тыйым салғанын хабарлады, деп жазады inform.kz.
Мәлімдемеде тиісті федералдық заң негізінде Швейцарияда Н.Мадуро мен онымен байланысы бар басқа да тұлғалардың иелігіндегі барлық активтерді бұғаттау туралы шешім қабылдағаны атап өтілді. Агенттік бұл шара қазіргі Венесуэла үкіметінің ешбір мүшесіне әсер етпейтінін жеткізді.
Бұғаттау дереу күшіне енеді және келесі ескертуге дейін төрт жыл бойы сақталады.
Мәлімдемеде айтылғандай, Швейцария Венесуэла төңірегіндегі оқиғаларды мұқият қадағалап, шиеленісті азайтуға, ұстамдылыққа және халықаралық құқықты толық сақтауға шақырады.
Бұған дейін Нью-Йоркте өткен алғашқы сот мәжілісінде Мадуро мен оның әйелі өздеріне тағылған кінәні мойындамады.


