Синдзо Абэнің өліміне байланысты Жапония полициясының басшысы отставкаға кетті

0
776

8 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да Нара қаласында Синдзо Абэге қастандық жасалған еді.


Синдзо Абэнің өліміне байланысты Жапония полициясының басшысы отставкаға кетті

ERNUR.KZ. Ұлттық полиция комиссары генерал Итару Накамура отставкаға кетемін деп шешім қабылдады. Ол Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің өліміне жауапкершілікті өз мойнына алды, деп жазады zakon.kz.

Итару Накамура тергеу нәтижеcін және полицияның Синдзо Абені қорғай алмағанын жариялады, деп жазады Kyodo.

Полиция Жапонияның бұрынғы премьер-министрінің артына офицерлерді қойса, шабуылдың алдын алу мүмкіндігі жоғары еді деген болжам бар.

Жаңа қауіпсіздік шараларын қарастырып жатқанда жаңа адамдармен, жаңа құраммен жұмыс істейтініміз анық, - деді Итару Накамура.

Ұлттық қоғамдық қауіпсіздік комиссиясы Нара префектуралық полициясының басшысы Томоаки Онизуканы жазалады. Оның 3 ай жалақысы 10% қысқартылды. Себебі ол Абэге дұрыс қорғаныс жоспарын жасамаған. Сонымен қатар префектуралық полиция қауіпсіздік департаментінің бастығына қатысты тәртіптік шара жариялады.

Еске салайық, 8 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да Нара қаласында Синдзо Абэге қастандық жасалған еді. Далада сөйлеп тұрған кезінде Абэге белгісіз біреу оқ атқан. Синдзо Абэ қансырап, есінен танып ауруханаға жеткізілді.

Кейін Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ өміріне қастандық жасап, қайтыс болғаны белгілі болды. Абэге шабуыл жасаған Тецуя Ямагами кісі өлтірді деген күдікпен сол жерде ұсталып, прокуратураға жеткізілді.

Кейін сот прокурорлардың оны психиатриялық сараптамадан өту үшін 29 қарашаға дейін қамауда ұстау туралы өтінішін қанағаттандырды.