Сирек кездесетін 20 өсімдіктің тұқымы ғарышқа жіберіледі

0
243

Олар әртүрлі әсерлерге төзімді ауыл шаруашылығы дақылдарына қарағанда ғарышқа алғаш рет жіберіледі.


Сирек кездесетін 20 өсімдіктің тұқымы ғарышқа жіберіледі

ERNUR.KZ. Королев атындағы Самара университетінің ғалымдары ғарыш жағдайларының тірі организмдерге әсерін зерттеу және ресейлік орбиталық станцияның қауіпсіздігін бағалау мақсатында №2 «Бион-М» орбиталық зертханасының бортында ғарышқа жіберілетін сирек өсімдіктердің 20 түрінің тұқымын дайындады, деп жазады inform.kz.

«Университеттің ботаникалық бағының мамандары №2 «Бион-М» орбиталық зертханасының бортында экспериментке қатысу үшін ғарышқа ұшатын сирек кездесетін өсімдіктер тұқымының партиясын таңдады», - делінген университеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ресейдің және Самара облысының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктердің 20 түрі іріктеліп алынды: алтын володушка, Шренк қызғалдағы, жіңішке жапырақты сәлдегүл, үш жапырақты өлмесгүл, ілмешекті көкнәр, жигулевский качим, қырым асфоделинасы, кәдімгі кестежусан, жүрек жапырақты катран және т.б. Олардың арасында 2013 жылы бірінші «Бион-М» зертханасында ғарышта болған тұқымдардан өсірілген өсімдіктердің тұқымдары да бар.

Университеттің ботаникалық бағының мамандары атап өткендей, эксперименттің бірегейлігі оның нысаны табиғи флораның сирек кездесетін өсімдіктерінің тұқымдары болатынында. Олар әртүрлі әсерлерге төзімді ауыл шаруашылығы дақылдарына қарағанда ғарышқа алғаш рет жіберіледі.