Сочиде бір топ бала санаторий бассейнінде хлордан уланған

0
547

17 тамызда Сочиде Лазарев ауданында орналасқан санаторийде бірнеше бала бассейнде шомылғаннан кейін тұншығып, ауыра бастаған.


Сочиде бір топ бала санаторий бассейнінде хлордан уланған

ERNUR.KZ. Нәтижесінде 10 бала хлор буымен уланып, ауруханаға жатқызылды, деп жазады inbusiness.kz.

Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы орташа деп бағаланды, кәмелетке толмағандардың өміріне қауіп төнген жоқ.

Аудан прокуратурасы Роспотребнадзор мамандарын тарта отырып, дереу тексеру іс-шараларын ұйымдастырды, су сынамаларын алды, талдау нәтижесі шыққаннан кейін оқиғаның мән-жайын анықтауға болады.

Қауіпсіздік ережелері бұзылған жағдайда прокурорлық ден қою шаралары қабылданады, санаторий лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне баға беріледі, деп хабарлады ведомстводан.