SpaceX ғарышқа саяхат билеттерін сатуды 2024 жылы бастайды

0
215

Сапар екі ғарыш кемесі арқылы орындалады.


SpaceX ғарышқа саяхат билеттерін сатуды 2024 жылы бастайды

ERNUR.KZ. Америкалық SpaceX компаниясы өз веб-сайтында Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС), Айға, Марсқа және жерге жақын орбитаға ұшқысы келетіндер үшін брондау мүмкіндігін ашты, деп жазады inform.kz.

Сапар екі ғарыш кемесі арқылы орындалады: Dragon және Starship. Барлық жоспарланған саяхаттардың болжамды мерзімі әртүрлі.

«Dragon» капсуласы төменгі жер орбитасына жетіге дейінгі жолаушыларды тасымалдауға арналған.

Ғарыш кемесі компанияның басты жетістіктерінің бірі, өйткені ол 2020 жылы ғарыш кемесі бағдарламасы жабылғаннан кейін Америкаға NASA астронавттарын халықаралық ғарыш станциясынан кері қайтару мүмкіндігін берді.

Dragon осы уақытқа дейін 46 рет ұшырылды, оның 42-сі халықаралық ғарыш станциясына жасалды.

Ал Starship жердің төменгі орбитасына, Ай мен Марсқа жолаушылар легі мен жүк жіберуге арналған ғарыш кемесі.

Зымыран әлі сынақ сатысында және тек үш рет ұшырылды.

SpaceX мәліметінше, келесі жоспарланған миссия ғарыш станциясына жасалады. Саяхатқа тапсырыс беру 2025 жылдың басында қол жетімді болып, 10 күндік сапарға төрт жолаушы ұшырылады.

Айға ұшу мерзімі әлі анықталған жоқ. Алайда 7 күнге созылады деп жоспарланған саяхатқа 12 турист аттанады және олардың ұшу жолы — шамамен 385 мың шақырым.

Марсқа коммерциялық рейстер туралы ақпарат әзірге шектеулі. Рейсті брондаудың нақты күні белгіленген жоқ.

Тек жолаушылар орташа есеппен 225 миллион км сапарға шығатыны белгілі.

Ғарыш турының құны әзірге белгісіз, бірақ 2022 жылдың сәуірінде Crew Dragon Endeavour капсулалы SpaceX Falcon 9 зымыранымен халықаралық ғарыш станциясына алғашқы жеке ұшуға бір билеттің бағасы 55 миллион доллар болған.