Тергеушілер иттердің адамның денесін толықтай жеп қойғанын алғаш рет көргенін айтты.
ERNUR.KZ. Американың Техас штатының тұрғыны өлі күйінде табылды. Оны өз иттері жеп қойған, деп жазады Stan.kz.
Ер адам адамдардан оқшау өмір сүріп, 18 ит асыраған. Аптасына бір рет туыстары келіп, азық-түлік үшін дүкенге апарып жүрген. Олар ер адамның жоғалып кеткенін бірінші болып байқаған.
Олар мамыр айының басында полицияға хабарласады. Өздерінің сәуір айынан бастап, туыстарының үйіне кіре алмай жүргенін айтқан. Иттер үріп, мүмкіндік бермеген. Алайда үйге кіргенде үй иесін іздеп таба алмаған.
57 жастағы Фредди Мэк Винес қаласына жақын маңда тұрды.
15 мамыр күні участкіден сүйектің аздаған бөлігі табылды. Тағы бірнеше сүйек пен шаш табылды. Сараптамаға сәйкес, иттер иесінің сүйегі мен киімдеріне дейін жеп қойған.
"Бастапқыда біз оны иттер жегеніне сенген жоқпыз. Себебі ешқандай қалдық қалмаған", - деді округ шерифі Джонсон Адам Кинг.
Тергеушілер иттердің адамның денесін толықтай жеп қойғанын алғаш рет көргенін айтты.
13 итке екпе салып ұйықттты. Екі иттің көзін жойды. Ер адамның үш иті әлі тірі.