Таиландта ресейлік әйел 6 күннен бері іздестіріліп жатыр: Ал баласы жергілікті балалар үйіне өткізілген

0
109

34 жастағы Эрика Владыко кішкентай қызымен бірге бірнеше жыл бұрын Самуи аралына көшкен.


Таиландта ресейлік әйел 6 күннен бері іздестіріліп жатыр: Ал баласы жергілікті балалар үйіне өткізілген

Фото: Рен.тв

ERNUR.KZ. Таиландта жоғалып кеткен ресейлік әйел алты күннен бері іздестіріліп жатыр. Ал оның қызы жергілікті балалар үйіне жіберілді, деп жазады stan.kz.

Владивосток тумасы, 34 жастағы Эрика Владыко кішкентай қызымен бірге бірнеше жыл бұрын Самуи аралына көшкен. 12 қыркүйекте ол Бангкокқа келіп, қонақүйге орналасқан. Сол түні ресепшн арқылы такси шақыртып, Сукхумвит көшесіне шыққан. Ол кетер алдында қызын танысының қарауына қалдырған. Алайда белгіленген уақыт өткен соң қайтып оралмаған және байланысқа шықпаған. Ал 15 қыркүйекте телефоны сөндірілген.

Қонақүй қызметкерлері таңертең бөлмеден Эриканың қызын тапқан. Таиланд билігі баланы қайда апару керегін білмей, жергілікті балалар үйіне орналастырған.

“Қыз кішкентай болса да, үш тіл біледі: орысша, тайша және ағылшынша. Сондықтан өзін жақсы сезініп жүр”, – дейді балалар үйінің қызметкері.

Эриканың құрбысының айтуынша, ол Бангкокқа не үшін барғанын ешкімге айтпаған. Жоғалар алдында ешқандай өзгеріс байқалмаған екен. Сондай-ақ һтөлқұжатын қонақүйде қалдырып кеткен.

Марқұмның ата-анасы болған жайтты бірнеше күннен кейін ғана естіп, Бангкокқа барып, қыздарының жоғалғаны туралы ресми арыз жазды.