Reddit порталының қолданушылары үңгірде қамалып қалған балалар футбол командасы мен олардың жаттықтырушысын құтқарған тайландтық құтқарушылардың батылдығына тәнті болды.
ERNUR.KZ.Reddit порталының қолданушылары үңгірде қамалып қалған балалар футбол командасы мен олардың жаттықтырушысын құтқарған таиландтық құтқарушылардың батылдығына тәнті болды. Сайт қолданушылары бір минут демалып алайын деп отырған құтқарушының суретін жанкештілікке балады, деп хабарлайды Today.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
"Шынайы өмірдің қаһармандары. Операция кезінде құтқарушылардың бірі үзіліс жасады. Барлық бала мен жаттықтырушы сәтті түрде құтқарылғанына қуаныштымын", – деп жазды сурет авторы.
Сурет жүздеген пікір жинады. Қолданушылар үңгірге қамалып қалған балалар туралы жазды.
"Кейбір адамдардың басқаларға көмектесу үшін жанкештілікке баратынын көру бір ғанибет. Балаларды құтқаруға қатысқан барлық адамға құрметім басым. Өзін қараңғы үңгірде тұзақта қалғандай сезінгенін елестету қиын", – деп жазды Leksam есімді қолданушы.
Желі қолданушылары балаларды құтқарған адамдарға деген сүйіспеншіліктерін жеткізді.
Естеріңізге салайық, Таиландтың солтүстігіндегі үңгірге кірген жастары 11-16-дағы 12 оқушы мен олардың жаттықтырушылары 23 шілдеде қамалып қалған еді. Құрғақ үңгірге көп өтпей жаңбыр суы толып, жолдарды тас жауып қалған. Топ өмірлерін сақтап қалу үшін үңгірдің тереңіне қарай 4 километр жерге бойлап кеткен.
Іздеу жұмыстары 10 күнге созылды. Соңында барлық адам аман-есен жер бетіне шығарылды.