Тәліптер ауған әйелдерінен жабық киінуді талап етіп жатыр

0
998

Нәзік жандар бұған дейін хиджаб немесе басына орамал тартып қана жүргенін, енді тәліптер тұмшалап жүруді талап еткенін алға тартады.


Тәліптер ауған әйелдерінен жабық киінуді талап етіп жатыр

ERNUR.KZ. Ауғанстанда әйел адамның бүкіл денесін жауып, көз тұсында сығалап көруге болатын тесіктері бар киімді сататын саудагерлер саудасы қызып тұр, деп жазады baq.kz.

Reuters мәліметінше, «Талибанды» жақтайтын жергілікті тұрғындар елде ұрлық тыйылып, толық қауіпсіздік орнағанын айтуда. Нәзік жандар бұған дейін хиджаб немесе басына орамал тартып қана жүргенін, енді тәліптер тұмшалап жүруді талап еткенін алға тартады.

"«Талибан» билікті қолына алған күннің ертесіне біз дүкендерімізге бурканы көптеп әкеле бастадық. Бір күннің ішінде осындай 60 киім бірден сатылып кетті. Бұл буркалар өзіміздің Ауғанстанда жасалады. Негізі тәліптер міндетті түрде жабынып жүріңдер деп айтпады, әйелдердің өздері қорқып, жаппай тұмшалана бастады", - бурка онлайн-дүкенінің иесі Исматулла Азизи.

Айта кетейік, Талибан ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.