Оларға қыздың аспаздық шеберлігі ұнамай қалған.
ERNUR.KZ. "Талибан" әскерлері (Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстанның солтүстігінде әйелді дәмсіз түскі ас дайынғаны үшін өртеп жіберген. Бұл туралы Sky News-ке құқық қорғаушы, бұрынғы судья Наджла Аюби айтты, деп жазады Stan.kz.
Аюбидің айтуынша, қызды лаңкестерге тамақ дайындауға мәжбүрлеген, алайда оларға қыздың аспаздық шеберлігі ұнамай қалған. Қызды "дәмсіз тамақ дайындады" деп айыптап, өлтірген.
Америка Құрама Штаттарына қашып кеткен құқық қорғаушы әйелдерді ұрып-соғу, ұру және басқа да зорлық-зомбылық туралы хабарларды жинайды. Ол сондай-ақ, тәліптердің әйелдерді жыныстық құлдыққа әкетіп жатқанын, олардың қыздарды көрші Ауғанстанға табытпен жіберетінін білген.
Бұған дейін Ауғанстанда "Талибан" жиһадшыларының қолбасшылары өздері басып алған аймақтардың ақсақалдарынан үйленбеген қыздар мен әйелдердің тізімін талап етіп, оларды әскерилеріне күштеп күйеуге беруді талап еткен. Бұрын жас мөлшері 15 пен 45 жас аралығындағы тұрмысқа шықпаған қыздарға қатысты болатын болса, қазіргі уақытта 12 жастағы балалар да құлдыққа түседі.
15 тамызда "Талибан" қозғалысы Ауғанстан толықтай олардың бақылауында екенін жариялады. Бұл Кабулды басып алғаннан кейін болды. Әскерилер бірнеше апта ішінде елдің көп бөлігін және барлық ірі қалаларды бағындырды. Дәл сол күні президент Ашраф Гани Ауғанстаннан кетті. Мемлекет басшылығы билікті тәліптерге беруге мәжбүр болатын уақытша кеңеске өткен.