Танымал актриса Анастасия Заворотнюк қайтыс болды

0
470

Өнер иесінің қайтыс болғаны туралы ақпарат оның Instagram желісіндегі ресми парақшасында пайда болды.


Танымал актриса Анастасия Заворотнюк қайтыс болды

ERNUR.KZ. Ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк 53 жасында қайтыс болды. Актриса ұзаққа созылған дерттен кейін көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz.

"Құрметті достар! Бұл жағдайды қабылдау және мұндайда бірдеңе айту қиын. Біздің Настя ұзаққа созылған ауыр дерттен кейін бүгін түнде өмірден өтті. Шын жүректен жақсылық тілеп, оған денсаулық сұрап, сенген әрбіріңізге алғыс айтамыз. Настя әрқашан сіздердің қолдауларыңызды сезінді және жоғары бағалады. Біз бүгін кешке онымен қоштасу орны мен уақыты туралы хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Анастасия Заворотнюк 1971 жылы 3 сәуірде Астрахан қаласында дүниеге келген.

2019 жылдан бері киноға түсуді тоқтатып, ми ісігімен (глиобластома) күресті.

Қазақстандық көрерменге "Менің сүйікті күтушім" сериалы арқылы кеңінен танылған.