Танымал актриса жансақтау бөліміне түсті

0
1 221

Актриса екі апта бұрын ауруханаға түскен.


Танымал актриса жансақтау бөліміне түсті

ERNUR.KZ. Анастасия Заворотнюк ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсті, деп жазады tengrinews.kz.

"Моя прекрасная няня" сериалымен танылған актриса екі апта бұрын ауруханаға түскен. Бүгін жағдайының нашарлағанына байланысты оны жан сақтау бөліміне ауыстырған. "Заворотнюк Еуропада ем алған, өкінішке қарай, ол оң нәтиже бермеді", - деп жазды арна.

Бұған дейін Mash Анастасия Заворотнюктің ауыр сырқатына байланысты миы ісінгенін жазған болатын. Актриса күні бойы жан сақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болған.

Оған төрт жыл бұрын Жанна Фрискенің сырқатымен бірдей диагноз қойылған. Сыртқаттың өзі актрисада бір жыл бұрын анықталды, соңғы уақытта Еуропада емделген еді.