ERNUR.KZ. Тәжікстанда сел салдарынан 17 адам қаза тапты, деп жазады Stan.kz.
Ел үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім етті. Оған толассыз жауған нөсер себеп болған. Табиғат апатынан елдің 9 қаласы мен ауданы зардап шекті.
Зардап шеккендердің көпшілігі Вахдат облысында. Онда сел ондаған үйлерді, шақырым жолдарды және электр желілерін қиратқан. Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде тағы 4 адамның мәйіті табылды. Сел салдарынан 100 бас мал да қырылған.