Екі күндік фестиваль өз алаңында 50 мыңға жуық адамды жинаған.
ERNUR.KZ. Техастағы Аstroworld музыкалық фестивалінде сегіз адам қайтыс болып, тағы бірнеше адам жарақат алды, деп жазады 24.kz.
Бұл туралы 6 қараша, сенбі күні Houston Chronicle жергілікті басылымы құқық қорғау органдарының мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады. Оқиғаның себебі әлі айтылмады, бірақ іс-шарада үлкен соққы болғандығы белгілі.
Екі күндік фестиваль өз алаңында 50 мыңға жуық адамды жинаған. Оқиғаның екінші күні іс-шара тоқтатылды. Толқу 5 қарашада рэпер Травис Скотттың сахнаға шыққан сәтінде басталған. Порталдың хабарлауынша, Хьюстон қаласының өрт сөндіру бөлімінің бастығы Сэмюэл Пенья баспасөз мәслихатында оқиға туралы ақпаратты растады.