Жігіт ұялы телефоны қуатталып жатқанда музыка тыңдамақ болған. Бірақ сол кезде оны тоқ ұрып өлтірген.
ERNUR.KZ. Таиландтың Чонбури қаласында 24 жастағы Критсада Супол есімді жігіт музыка тыңдап жатып қайтыс болды деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Жігіт ұялы телефоны қуатталып жатқанда музыка тыңдамақ болған. Бірақ сол кезде оны тоқ ұрып өлтірген.
Таңертең пәтер иесі жігіттің мәйітін тапқан. Оның құлағында күйік белгілері болыпты.
Полицейлер бұған Критсада пайдаланған арзан қуаттау құрылғысын кінәлап отыр.
Олар өндіруші компаниялар шығарған құрылғыларды пайдалануға кеңес берді.