Tesla көлігіне зымырандық қозғалтқыш орнатылады

0
1 024

Tesla 2020 жылға қарай зымырандық қозғалтқыш орнатылған көлікті сынақтан өткізеді.


Tesla көлігіне зымырандық қозғалтқыш орнатылады

ERNUR.KZ. Компания директоры Илон Маск осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Tesla Roadster деп аталатын бұл гиперкар әуеде қалқып тұра алады, деп жазады inbusiness.kz.

Естеріңізге сала кетейік, көлік 2 жыл бұрын халық назарына ұсынылған болатын. Гиперкар сағатына 96 шақырым жылдамдықпен жүйткіп, 900 шақырым қашықтықты қуаттандырусыз еңсере алады. Құны 200 мың доллар.

Америкалық компания жылына 10 мыңға жуық Roadster жасауды жоспарлап отыр. Құрастырушылардың айтуынша, көлікке 10 зымырандық қозғалтқыш қондырылады. Оның көмегімен көлік тіпті ұша алуы да мүмкін. Қозқалтқыш гиперкардың артқы жағына орнатылмақ.