Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

0
85

Үшінші альпинисті құтқарушылар әлі де іздестіріп жатыр.


Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Сурет: magnific

ERNUR.KZ. Қырғызстандағы Құрумды шыңына көтерілгеннен кейін хабар-ошарсыз кеткен үш альпинистің екеуінің мәйіті тану үшін Ош қаласындағы мәйітханаға жеткізілді, деп жазады zakon.kz.

ТАСС басылымының мәліметінше, бұл туралы іздеу-құтқару операциясының жетекшісі Александр Смирнов хабарлаған.

"Мәйіттерді тікұшақпен Сары-Ташқа түсіріп, кейін милицияның сүйемелдеуімен автокөлік арқылы Оштағы мәйітханаға жеткізді", – деп түсіндірді ол.

Смирнов мәйіттерді тану рәсімі 27 тамызға жоспарланғанын айтты.

Үшінші альпинисті құтқарушылар әлі де іздестіріп жатыр. Оның іздеуі "оны табуға соңғы үміт сөнгенше" жалғаса бермек.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстан тауларынан хабар-ошарсыз кеткен альпинистердің мәйіттері табылғаны хабарланған болатын. Топ құрамында Беларусь азаматтары Николай Свиридов пен Максим Полянский, сондай-ақ Литва азаматы Сергей Рубцов болған.