5 жолаушысы бар батискаф 19 маусымда жоғалып кетті.
ERNUR.KZ. “Титаник” кемесіне саяхат жасайтын “Титан” батискафының сынықтары су астынан шығарылды. Мамандардың сөзінше, сынықтардың арасында адам қалдықтары табылған, деп жазады stan.kz.
28 маусымда Батискафтың сынықтарына сараптама жүргізу үшін Канадаға жеткізген.
“АҚШ медицина мамандары оқиға орнында табылған адам қалдықтарына сараптама жүргізеді”, – делінген АҚШ жағалау күзетінің мәліметінде.
Еске салайық, 5 жолаушысы бар батискаф 19 маусымда жоғалып кетті. Бортта миллиардер және зерттеуші Хэмиш Хардинг, OceanGate компаниясының бас директоры, Францияның су асты кемелерінің бұрынғы жетекшісі Поль-Анри Наржеоле, Пәкістанның бай азаматтарының бірі Шахзада Давуд пен ұлы Сүлеймен болған.
Ал 22 маусымда батискафта оттегі таусылғаны туралы ақпарат жарияланды. Кейін іздеу аймағында батискафтың сынықтары табылып, АҚШ жағалау күзеті су асты аппаратында ішке бағытталған жарылыс болғанын хабарлады.