Сыртқы істер министрлері Газ секторында басталып келе жатқан гуманитарлық апатқа қатысты алаңдаушылық білдіреді.
ERNUR.KZ. ТМД елдерінің сыртқы істер министрлері Газ секторында көрініс бере бастаған гуманитарлық апатқа қатысты алаңдаушылық білдіріп, ол жаққа азық-түлік пен жанар-жағармай жеткізуге шақыруда, деп жазылған жұма күні жарияланған сыртқы саясат ведомстволарының бірлескен мәлімдемесінде, деп жазады sputnik.kz.
"Сыртқы істер министрлері Газ секторында басталып келе жатқан гуманитарлық апатқа қатысты алаңдаушылық білдіреді. Халықаралық гуманитарлық құқыққа сәйкес әрекет ету және барлық мұқтаж адамдарға қажетті көмек, соның ішінде азық-түлік, отын және медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтеді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Бішкекте қабылданған аталған мәлімдемеде ТМД елдерінің сыртқы істер министрлері қолданыстағы халықаралық-құқықтық негізде Таяу Шығыста әділ бейбітшілікке қол жеткізу үшін дипломатиялық күш-жігерді жандандыруды маңызды деп санайтыны жазылған.