Той өткізуге тыйым салуды ұсынды

0
1 430

Қырғызстанда жыл басынан бері мемлекет есебінен 105 той өткізілген. Депутат бюджет қаражатын шығындауды тоқтатуды ұсынды


Той өткізуге тыйым салуды ұсынды

ERNUR.KZ. Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаты Ақылбек Жаманқұлов елде той өткізуге бес жылдық мораторий енгізуді ұсынды, деп жазады Sputnik.

Депутат бұл бастамасын парламент отырысында ұсынды. Оның мәлімдеуінше, биыл жылдың басынан бері мемлекет есебінен 105 той өткізілген.

"Бұл не? Әр тойға 2 миллионға жуық сом жұмсалады. Өздеріңіз есептей беріңіздер: Балықшының 120 жылдығы, Нарынның 150 жылдығы, Қызыл-Кидің 120 жылдығы, Созақтың 100 жылдығы, Базар-Қорғанның 100 жылдығы, Лейлекьің 90 жылдығы және тағы басқа да тойлар. Мұның барлығы жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады", — деді депутат.

Жаманқұлов парламенттегі үкімет өкілінен бұл мәселе жөнінде премьер-министрмен сөйлесіп, той өткізуге мораторий енгізуді сұрады.

Депутат тек мемлекет есебінен өткізілетін тойларды айтып отырғанын нақтылап өтті.