Трамп Дүниежүзілік банкті Қытайға несие бермеуге шақырды

0
751

Бұған дейін АҚШ басшысы Пекинмен сауда келісіміне қол қойылмаса, қытайлық импорттың тарифтерін арттыратынын айтты.


Трамп Дүниежүзілік банкті Қытайға несие бермеуге шақырды

ERNUR.KZ. Америкалық көшбасшының сөзінше, Пекиннің онсыз да ақшасы көп, сондықтан оған қайта-қайта несие берудің еш қажеті жоқ, деп жазады baq.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік банк Қытайға несие бере беруді тоқтатуы қажет деп санайды. Бұл туралы ол 6 желтоқсан күні өзінің Twitter әлеуметтік желісінде жазды.
Неліктен Дүниежүзілік банк Қытайға қарыз береді? Оларда ақша онсыз да көп, ал егер ақша жетпей жатса, онда олар оны жасайды. Мұны тоқтату қажет! - деп жазады Трамп.
Бұған дейін АҚШ басшысы Пекинмен сауда келісіміне қол қойылмаса, қытайлық импорттың тарифтерін арттыратынын айтты.