Трамптың арнайы өкілі Киевке келді

0
206

Владимир Зеленский де Келлоггтың Украинаға сапармен келгенін растады.


Трамптың арнайы өкілі Киевке келді

фото:РИА Новости

ERNUR.KZ. Украинаның "Общественное" телеарнасы АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлогтың Киевке келгенін хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
"Киевке АҚШ-тың Ресей және Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлог келді. Оны АҚШ-тың Украинадағы елшісі Бриджит Бринк қарсы алды", - деп жазылған телеарнаның Telegram каналында жарияланған хабарламада.
Владимир Зеленский де Келлоггтың Украинаға сапармен келгенін растады.
Келлогтың айтуынша, АҚШ қауіпсіздік кепілдігі қажет екенін түсінеді. "Менің миссиямның бір бөлігі – тыңдау. Содан кейін Америка Құрама Штаттарына оралып, президент Трамппен сөйлесемін", - деп келтірді оның сөзін телеарна.
Бұған дейін Wall Street Journal басылымы Трамп Келлогқа 100 күн ішінде Украинадағы қақтығысты тоқтатуға қол жеткізуді тапсырғанын жазған.
12 ақпанда Владимир Путин мен Дональд Трамп бір жарым сағат телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары Ресей мен АҚШ азаматтарын алмасуға, сондай-ақ Украинадағы соғыс қимылдарын тоқтатуға қатысты мәселелерді талқылады.