Цифрлық доллар шығарылуы мүмкін

0
1 205

​Алдағы бес жылда цифрлық еуро іске қосылады.


Цифрлық доллар шығарылуы мүмкін

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі цифрлық долларды іске қосу жағын қарастырып жатыр, бірақ әлі шешім қабылданған жоқ, деп жазады inbusiness.kz.

«Біз бұл мәселені зерттеп жатырмыз. Көптеген ел цифрлық валютаны пайдалану идеясын қарастыруда», – деді реттеушінің төрағасы Пауэлл.

Оның айтуынша, қазір қаржы реттеушісі мұндай валютаның қоғамға пайда әкелетінін не әкелмейтінін анықтап жатыр.

Ескере кететін жайт, Жапонияның орталық банкі өзінің цифрлық валютасын шығара бастады. Келесі жылдың наурызына дейін жалғасатын бірінші кезең барысында жаңа жүйенің ортасы құрылады.

Сондай-ақ цифрлық валютаны шығару және өтеуге қатысты сынақтарды өткізу жоспарлануда. Қытай өткен жылы цифрлық юаньға байланысты тәжірибе жасай бастаған еді. Еуропаның орталық банкі болса, алдағы бес жылда цифрлық еуроны іске қосуды көздеп отыр.