ERNUR.KZ. Миллиардер Марк Цукерберг шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Оның айқыш байламы үзіліп, ота жасалды, деп жазады Zakon.kz.
Цукербергтің айтуынша, ол келесі жылдың басында өтуге тиіс, бірақ енді кейінге шегерілетін ММА жекпе-жегіне дайындалған.
"Спарринг кезінде айқыш байламы жыртылды. Оны ауыстыру операциясынан шықтым", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Бұған дейін миллиардер планетаның ең бай адамы Илон Маскпен жұдырықтасады деп күтілген еді. Кейін Цукерберг Маскпен жекпе-жектен Твиттер басшысының "жеңілдігіне" байланысты бас тартты.