Түрікменстанда SIM-карта сату тоқтады

0
350

Жауапты компания SIM-карта санын арттыруға техникалық мүмкіндік жоқ деп отыр.


Түрікменстанда SIM-карта сату тоқтады

ERNUR.KZ. Түрікменстандағы жалғыз ұялы байланыс операторы жаңа SIM-карталардың сатылымын тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz.

"Компания қызметкерлері төлқұжат алған 16 жастағы азаматтарға SIM-карта сатудан бас тартып отыр, олар бос телефон нөмірлері жоқ екенін алға тартты", - деді Ашхабад қаласының тұрғыны.

TMCell сауда белгісі бойынша жұмыс істейтін "Алтын Асыр" компаниясы жаңа SIM-карталар санын арттыруға техникалық мүмкіндіктері жоқ екенін мәлімдеді.

"Алтын Асыр" сайтында осы жайтқа қатысты түсініктеме берілмеген.

Ресурстың жазуынша, Түрікменстанның ұялы байланыс жүйесінде монополия қалыптасқан. Былтырғы көктемде елде SIM-карталарды сату бойынша шектеулер болды.