Түркі мемлекеттері ұйымының туы өзгерді

0
68

Түркі мемлекеттері ұйымының туы алғаш рет 2012 жылы қабылданған.


Түркі мемлекеттері ұйымының туы өзгерді

Фото: t.me/turknws

ERNUR.KZ. Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекет басшыларының 11-саммитінде ТМҰ жаңа туы қабылданды, деп жазады tengrinews.kz.

"Түркия жаңалықтары" телеграм-арнасының мәліметінше, ұйымның жаңа туын Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан көшбасшылары: Ильхам Әлиев, Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров, Режеп Тайып Ердоған және Шавкат Мирзиеев бекіткен.

"Түркі мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы барысында түркі әлемінің ортақ құндылықтарын, бірлігі мен ортақ мәдени бірегейлігін бейнелейтін түркі мемлекеттері ұйымының туын бекіту туралы шешім қабылданды. Сегізбұрышты, жұлдызы бар жарты айды және көгілдір фонда біркелкі бөлінген сәулелері бар күн бейнеленген жалау ұйымның ресми символына айналды. Тудың көгілдір түсі түркі халықтарының тарихи және мәдени бірлігін бейнелейтін ашық аспанды, бейбітшілік пен өркендеуді білдіреді", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, Түркі мемлекеттері ұйымының туы былай өзгерді (сол жақта – ескісі, оң жағында – жаңасы):

Фото: t.me/turknws

Еске салайық, Түркі мемлекеттері ұйымының туы алғаш рет 2012 жылы қабылданған.