Пайдалануға тыйым салды.
ERNUR.KZ. Түркияның Ақпараттық технологиялар және байланыс басқармасы Instagram әлеуметтік желісіне кіруге тыйым салды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Шектеудің себебі – ХАМАС тобының саяси жетекшісі Исмаил Хания өлімінен кейінгі наразылық толқыны. Instagram Саяси бюро басшысы туралы материалдарды желіден жүйелі түрде өшіріп отырды», - делінген ақпаратта.
Түркияның байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтун шілде айының соңында Instagram әрекеттерін айыптап, хабарлама жариялады. Ол мұны «мазмұнды цензуралау әрекеті» деп атады.
Шейіт болған ХАМАС төрағасының құрметіне 2 тамыз Түркияда ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.