Оның үстінен 28 іс қозғалған.
ERNUR.KZ. Түркияның оппозициялық Республикалық халық партиясының жетекшісі және Түркия президенттіне үміткер болған Кемал Қылышдароғлы түрмеге жабылуы мүмкін, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Cumhuriyet басылымының жазуынша, президенттік сайлаудағы сәтсіздігінен кейін Кылышдароғлы депутаттық артықшылықтарынан айырылып қалғандықтан, бұрын депутаттық мәртебесіне байланысты қаралмаған бірнеше сот ісі қайта қозғалды.
Істің Анкара прокуратурасына жіберілгені атап өтілді. Қылышдароғлы 110 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оған саяси қызметке де тыйым салынады», - делінген хабарламада.
Шағымдардың көпшілігінде шағым беруші Түркияның қайта сайланған президенті Режеп Тайып Ердоған екені айтылады. Талаптар, атап айтқанда, Қылышдароғлының Ердоғанды Саддам Хусейн, Муаммар Каддафи және Чаушескумен салыстырған мәлімдемелеріне қатысты болған. Көптеген шағымд бойынша экс-кандидат 4 жылға дейін бас, ал барлық шағымның жиынтығы бойынша 110 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.