Түркия ШЫҰ-ға мүше болуға ниетті – Ердоған

0
286

Түркия басшысы бұл мәселені Путинмен және Тоқаевпен талқылағанын айтты.


Түркия ШЫҰ-ға мүше болуға ниетті – Ердоған

ERNUR.KZ. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкараның мақсаты елдің Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуы екенін айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Біздің мақсатымыз – бақылаушы емес, тұрақты мүше болу. Түркия "Шанхай бестігіне" тұрақты мүше ретінде қосылуы керек. Мен бұл мәселені Астанада өткен саммитте Ресей президенті Путинмен, менің қазақстандық әріптесім Тоқаевпен талқылап, олардан осы процеске қолдау көрсетуін сұрадым", - деді Түркия басшысы Вашингтонда өткен баспасөз мәслихатында.

Тікелей трансляцияны TRT Haber мемлекеттік телеарнасы жүргізді.

Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан 4 маусымда елдің БРИКС-ке мүше болғысы келетінін айтты. Сыртқы саясат басқармасының басшысы маусым айында Новгородта өткен БРИКС+ отырысына қатысқан еді. Шарадағы баспасөз мәслихатында ол Анкара осы ұйымның қаншалықты маңызды екенін түсінгенін айтты.
ШЫҰ – 2001 жылы құрылған халықаралық ұйым. Оның құрамына Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Пәкістан және Өзбекстан кіреді. 2024 жылы 4 шілдеде Астанада өткен саммитте ұйымға Беларусь ресми түрде қосылды. Бақылаушы елдер – Ауғанстан мен Моңғолия, ШЫҰ диалогы бойынша серіктес елдер – Әзеірбайжан, Армения, Бахрейн, Египет, Камбоджа, Катар, Кувейт, Мальдив аралдары, Мьянма, Непал, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Түркия, Шри-Ланка.