Түркия туристер үшін тұру салығын енгізеді

0
752

Салық 2023 жылы енгізілмек.


Түркия туристер үшін тұру салығын енгізеді

ERNUR.KZ. Түркия Республикасы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап туристер үшін міндетті тұру салығын енгізеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Республикалық туристік ұйымдар одағы хабарлағандай, төлем 2 пайызды құрайды. Қонақ үйлер мен демалыс орындарында, басқа орналастыру орындарында тұруды қоса алғанда барлық қызмет үшін ақы алынады. Алым қалай шығарылып, қалай алынатыны әлі нақтыланған жоқ. Пакеттік турмен саяхаттайтын туристер үшін салық тур құнына қосылады деп болжанып отыр.

Түркия 2019 жылы туристерді орналастыруға салық енгізуді жоспарлаған. Шешім бірнеше себептерге байланысты кейінге қалдырылды, соның ішінде 2020 жылы басталған пандемия да оған әсер еткен. Биыл Түркиядағы туризм Жерорта теңізі аймағында қарқынынды болды, бұл туристік салықты енгізудің тағы бір себебіне айналған.