Теміртауда құтқарушылар өртеніп жатқан ғимарттан газ баллонын алып шықты

0
120

Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.​


Теміртауда құтқарушылар өртеніп жатқан ғимарттан газ баллонын алып шықты

ERNUR.KZ. Теміртауда құтқарушылар жанып жатқан шаруашылық ғимараттан газ баллонын шығарып, көрші үйлерге өрттің таралуына жол бермеді, деп жазады Zakon.kz.


Қарағанды облысының Теміртау қаласында Электриктер көшесінде жеке тұрғын үйге жапсарлас салынған шаруашылық құрылыстың ағаш конструкциялары өртенді. ТЖМ бөлімшелері келген кезде шаруашылық құрылыс ашық жалынмен жанып жатқан. Өрттің аумағы 120 шаршы метрді құрады.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан құрылыстың ішінен көлемі 50 литр тұрмыстық газ баллонын алып шығып, ықтимал жарылыстың алдын алды. Сонымен қатар жақын маңдағы екі жеке тұрғын үйді өрттен қорғап қалды.

Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.