Түркияда автобус аударылып, 14 адам көз жұмды

0
371

​Автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмаған, салдарынан көлік аударылып, он төрт адам ажал құшты.


Түркияда автобус аударылып, 14 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Түркияда рейстік автобус аударылып, он төрт адам қаза болды. Тағы он сегіз адам жарақат алды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жантүршігерлік жол апаты Түркияның батысында Балыкесир қаласы маңында болды, деп мәлімдеді провинция әкімшілігі.

"Бүгін 4.40-та Балыкесир – Эдремит рейсін орындаған автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Балыкесир маңында аударылды. Он бір адам оқиға орнында мерт болды, үш жолаушы ауруханада көз жұмды. 18 адам жараланды, олар бес ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады жергілікті билік.

Бұл соңғы екі күнде Түркияда болған екінші ірі жол апаты. Сенбі күні Маниса провинциясында рейстік автобус апатқа ұшырап, тоғыз адам ажал құшты, 30 жолаушы зардап шекті.