Түркияның «Фатих» бұрғылау кемесі Қара теңіздегі Чайджума-1 кен орнында 3023 метр тереңдікте 58 млрд текше метр табиғи газ қорын тапқан.
ERNUR.KZ. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қара теңізде газдың мол қоры табылғанын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
Түркияның «Фатих» бұрғылау кемесі Қара теңіздегі Чайджума-1 кен орнында 3023 метр тереңдікте 58 млрд текше метр табиғи газ қорын тапқан.
«Қара теңіздегі табиғи газ қорымыз 170 млрд текше метрге артып, жалпы көлемі 710 млрд текше метрге жетті. Сонымен қатар Түркияда күнделікті мұнай өндіру көлемі 80 мың баррельге жетті. Келесі жылы бұл көрсеткішті 100 мың баррельге жеткізуді мақсат етіп отырмыз. Біз Түркияны Каспий, Жерорта теңізі және Таяу Шығыстың энергетикалық орталығына айналдыруға бел байладық. Түпкі мақсатымыз – шетелдік мұнай мен табиғи газдан толықтай бас тартып, Түркияның энергетикалық тәуелсіздігін жариялау», – деді Түркия басшысы.