Екі күдікті ұсталды.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Түркия Республикасында контрафактілік алкогольден уланған 61 адам қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz.
Соңғы мәлімет бойынша, контрафактілік алкогольден улану фактілері соңғы екі аптада Түркияның 17 қаласында тіркелген. Зардап шеккендердің дені –Стамбул тұрғындары. Ондағы қаза болғандардың саны 30-ға жетті.
Түркияның солтүстігіндегі Орду қаласында осы іске байланысты екі күдікті ұсталды. Бұған дейін Ресейдің Қорған облысында 3 адам қолдан жасалған алкогольден уланып ажал құшты. Тағы 3 адамның денсаулығына ішімдіктен зиян келді. Ресми дерек бойынша, олардың барлығы сапасыз коньяк ішкен.