Түркияда коронавирустың екінші толқыны басталды

0
559

Елдің шығыс провинцияларында індет жұқтырғандар көбейіп жатыр


Түркияда коронавирустың екінші толқыны басталды

ERNUR.KZ. Түркияда коронавирустың екінші толқыны басталды, деп жазады tengrinews.kz.


"Пандемия жалғасып жатыр, күн сайын жұқтырғандар көбеюде. Бізде бірінші толқындағыдай екінші рет жаппай жұқтырғандардың саны артты. Анкара, Ыстамбұл, Измир, Бурсада әлі күнге дейін қауіп жоғары", - деді елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа.

Оның айтуынша, елдің шығыс провинцияларында да - Газиантеп, Шанлыурф, Мардин, Эрзурумда жұқтырғандар көбейіп жатыр.
Министрліктің соңғы деректері бойынша, Түркияда сәрсенбі күні 1 596 жағдай тіркелген. Бұл - 15 маусымнан бастап тәулік ішіндегі ең көп өсім. Жалпы жұқтырғандар саны 273 301-ге жетті. Соңғы тәулікте 45 адам қайтыс болды, ал пандемия басталғалы бері 6462 науқас көз жұмды.