Түркияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 38 адамға жетті

0
528

Барлық жерді қалың су басып, адамдарды тікұшақпен құтқаруға тура келген.


Түркияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 38 адамға жетті

ERNUR.KZ. Түркияның солтүстік-шығысында су тасқынынан қаза тапқандар саны 38 адамға жетті, деп жазады 24.kz.

Тағы 300-ге жуық кісі зардап шеккен. Мұндай мәліметті елдің Денсаулық сақтау министрлігі таратты. Құрбандардың көбі Кастамону провинциясының тұрғындары.

Барлық жерді қалың су басып, адамдарды тікұшақпен құтқаруға тура келген. Зардап шеккен аймақтың көп бөлігі жарықсыз қалды.

Еріктілер де көмек көрсетуге білек сыбана кірісті. Олар тасқыннан қираған көпір арқылы тамақ жеткізу үшін бір-бірінің қолынан ұстап, тізбек жасады.