Тікұшақта екі адам отырған, оның бірі канадалық.
ERNUR.KZ. Түркияның "Афьон" курортының аумағында төтенше жағдай болды - екі адам отырған тікұшақ бес жұлдызды қонақүй аумағына құлады. Абырой болғанда барлығы дін-аман, деп жазады tengritravel.kz.
Түркиялық БАҚ мәліметінше, тікұшақ Афьонкарахисаре фармацевтикалық компанияға тиесілі екен. Әуе аппараты қала орталығындағы Садықбей ауданында қону кезінде өсіп тұрған ағашқа, сосын қоршауға соқтығысқан. Тікұшақта екі адам отырған, оның бірі канадалық.