Түркиядағы өрт: орманға кімнің от қойғаны белгілі болды

0
1 047

Ол "Орманға отынды үйіп, от жақтым", деп мойындағана.


Түркиядағы өрт: орманға кімнің от қойғаны белгілі болды

ERNUR.KZ. 28 шілде күні Анталияның Манавгат ауданында орман өртенгені белгілі. Тергеуде от қойған 12 жастағы жасөспірім екенін анықтады, деп хабарлайды Хабар24.

Ұсталған бала орманды өртегенін мойындап, «Ата-анамның ажырасатынын естіп, көңіл-күйім бұзылды. Осыған байланысты, орманға от қоюды ұйғардым. Асханадан көк түсті оттықты алып, орманға бардым. Ол жерде бұрын мал баққандықтан, жақсы білетін едім. Отынды үйіп, жақтым» деген. Сот шешімімен бала мемлекеттің бақылауындағы жатақханаға орналастырылған. Ал ана-анасына арнайы кеңесші тағайындалды.

Айта кеткен жөн, Манавгат прокуратурасы тергеу барысында бұған дейін 16 жастағы баланы ұстаған еді. Ол 12 жастағы балаға орманды қалай өртеу керектігін көрсетті деп айыпталған. Дегенмен, тергеу оның бұл жағдайға қатысы жоқтығын анықтады. Қазір Түркия 10-шы күн қатарынан өртпен арпалысып жатыр.