Алдын ала мәлімет бойынша, атыстан 11 адам зардап шекті.
Фото: Anadolu
ERNUR.KZ. Оқу орнының маңында болған атыстан 11 адам зардап шекті, күдікті ұсталды, деп жазады inform.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, атыстан 11 адам зардап шекті. Олардың барлығы жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілді.
Күдікті полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Оқиғаға байланысты әкімшілік және сот тергеуі басталды.
Түркияның вице-президенті Джевдет Йылмаз ұлттық білім және ішкі істер министрлерінің оқиға орнына барғанын мәлімдеді.
Түркияның Радио және телевизия жөніндегі жоғарғы кеңесі (RTÜK) бұқаралық ақпарат құралдарын тексерілмеген ақпарат пен зорлық-зомбылық көріністері бар кадрларды таратпауға, сондай-ақ оқушылардың, олардың отбасылары мен білім беру мекемесі қызметкерлерінің жеке мәліметтерін жарияламауға шақырды.
Бұған дейін Түркия билігі Кахраманмараш пен Шанлыурфада болған қарулы оқиғалардан кейін мектептердегі қауіпсіздікті күшейту жөніндегі кешенді жоспар енгізгенін хабарлаған болатынбыз.


