Түркияның оңтүстігіндегі орман өртіне қатысты күдікті ұсталды

0
806

Түркиядағы өрттің себебі қасақана болуы мүмкін екені айтылған.


Түркияның оңтүстігіндегі орман өртіне қатысты күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сенбіде елдегі ормандарды өртеуге қатысы болуы мүмкін күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Түркияның NTV телеарнасының хабарлауынша, Түркия басшысы өрт болған аймақтардың жағдайымен танысу үшін жергілікті дағдарыс орталығына барған.

Миласта бір адам ұсталды. Егер бұл диверсия болса, онда кінәлілерді жазалау - біздің міндетіміз, - деді Режеп Тайып Ердоған.

Естеріңізге сала кетейік, Ердоған Түркиядағы өрттің себебі қасақана болды деп мәлімдеген еді.

Түрік билігі елдің оңтүстігін қамтыған орман өрттерінің себептерін зерттеп жатыр, өрттің қайдан шыққаны туралы нұсқа да қарастырылып жатыр.