Түшкіремін деп көлігімен екі оқушыны қағып кетті

0
1 222

Қазір көлік қаққан қыз бен рөлде болған әйел ауруханада жатыр


Түшкіремін  деп көлігімен екі оқушыны қағып кетті

ERNUR.KZ. Қырғызстанның Шу облысы, Қара-Балта қаласында көлік айдап келе жатқан әйел түшкіремін деп, 12 жастағы оқушы қызды қағып кеткен, деп жазады kyn.kz.

Жол көлік оқиғасы күні кеше түскі сағат 12:30- да Қара-Балта қаласында болған. Көлікті тізгіндеген 32 жастағы әйел түшкіремін деп, рөлді басқара алмаған екен.

«Әйелдің айтуынша ол көлік рөлінде отырып, алдында келе жатқан екі оқушыны байқаған. Дәл сол сәтті бірнеше рет түшкіремін деп, көлікті басқара алмай қалыпты. Нәтижесінде қыздардың бірін қағып, өзі талға барып соқтығысқан», — дейді Шу облыстық ІІД баспасөз хатшысы.

Қазір көлік қаққан қыз бен рөлде болған әйел ауруханада жатыр. Оқушының маңдайы жарылып, миы шайқалған. Ал жүргізушінің көкірек қуысы зақымданыпты.

Іс материалдары тергеу бөліміне жіберіліп, қажетті сараптамалар тағайындалған.