Ғалымдар TikTok, Instagram желілеріндегі рилстердің адам организміне үлкен зиян тигізіп жатқанын айтып, дабыл қақты.
ERNUR.KZ. Қысқа видеолар ең бірінші адам миына шамадан тыс жүк түсіреді екен, деп жазады Stan.kz.
NeuroImage (Нэурломедж) сайтының жүргізген зерттеуінде әлеуметтік желідегі қысқа видеоларды шамадан тыс көп қарау адам миына кері әсер ететіні айтылған. Тіпті, әртүрлі психикалық ауру да туғызуы мүмкін.
Сондай-ақ ғалымдар TikTok, Instagram желілеріндегі рилстар нақты бірнәрсеге назар аударып, бастаған істі аяқтай алмайтындай дәрежеге жеткізетінін көрсеткен.
Зерттеуге сәйкес, мұндай видеолардың кесірінен орталық жүйке жүйесі дамылсыз жұмыс істейді. Салдарынан ұйқы нашарлап, есте сақтау қабілеті төмендейді. Бұнымен қоса, қысқа видеоларды сағаттап көру тәуелділікке әкелетіні де ескертілген.