​Үкімет басшысы 11 қаңтарда отставкаға кететінін мәлімдеді

0
1 553


​Үкімет басшысы 11 қаңтарда отставкаға кететінін мәлімдеді

сурет: 64.rodina.news

ERNUR.KZ. Тайвань үкіметінің басшысы Уильям Лай (Лай Циндэ) 11 қаңтар күні үкіметпен бірге отставкаға кететінін мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Агенттік таратқан хабарларға қарағанда, үкімет басшысы 2018 жылдың қарашасындағы сайлауда Демократиялық прогресшіл партияның жеңіліс табуына байланысты осындай шешім қабылдаған. Уильяма Лайдың айтуынша, Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэнь жуырда жаңа премьердің есімін жария етеді.

Былтыр 24 қарашада өткен жергілікті билік органдары сайлауында Демократиялық прогресшіл партия жеңілген еді. Сайлау нәтижелері жарияланған соң бірден Уильям Лай отставкаға кету туралы өтініш беріп, артынша оны қайтарып алған болатын.