Украина атом нысандарына шабуыл жасауға дайындалып жатыр – РФ сыртқы барлау қызметі

0
997

Украинаның диверсиялық топтары Курск, Смоленск және Запорожье атом электр станцияларына зақым келтіруге тырысқан.


Украина атом нысандарына шабуыл жасауға дайындалып жатыр – РФ сыртқы барлау қызметі

ERNUR.KZ. Батыс Украинаның диверсанттарын Ресейдің атом энергетикасы нысандарына шабуыл жасауға дайындап жатыр, деп мәлімдеді РФ сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин. Оның мәліметінше, Украинаның диверсиялық топтары Курск, Смоленск және Запорожье атом электр станцияларына зақым келтіруге тырысқан, деп жазады sputnik.kz.

"Батыс барлау қызметтері Украинаның әскери диверсиялық топтарын Ресей Федерациясының атом энергетикалық нысандарына шабуыл жасауға дайындап жатыр. Бұл жоспар анықталды", - деп РИА Новости Нарышкиннің сөзінен үзінді келтірді.
Оның мәліметінше, Украинаның диверсиялық топтары Курск, Смоленск және Запорожье атом электр станцияларына зақым келтіруге тырысқан.
"Бірақ Ресейдің барлау қызметтері барлық диверсияның алдын алды", - деп атап өтті Нарышкин ТМД елдерінің Қауіпсіздік және арнайы барлау қызметтері басшылары кеңесінің 53-ші отырысында.