Ресейдің жоғары шенді әскери қызметкері сейсенбі таңертең Мәскеудің оңтүстік-шығысындағы тұрғын үйдің жанында электронды самокатқа жасырылған жарылғыш құрылғы арқылы өлтірілген.
ERNUR.KZ. Ресей астанасындағы генерал Игорь Кириллов пен оның көмекшісі қаза тапқан жарылысты Украина өз мойнына алды, деп жазады ulysmedia.kz.
"Бүгін Ресей Қарулы Күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерінің басшысы генерал-лейтенант Игорь Кирилловқа жасалған шабуыл – УҚҚ-дың арнайы операциясы", – делінген Украина қауіпсіздік қызметінің мәлімдемесінде.
Кириллов "толығымен заңды нысана" ретінде аталған, деп хабарлады BILD.
"Кириллов – әскери қылмыскер және толығымен заңды нысана, өйткені ол украин әскеріне қарсы тыйым салынған химиялық қаруды қолдануға бұйрық берген. Мұндай ұятты өлім украиндықтарды өлтіргендердің барлығын күтуде. Әскери қылмыстар үшін жазалау сөзсіз болады", – деп мәлімдеді СБУ өкілдері.
Ресейдің жоғары шенді әскери қызметкері сейсенбі таңертең Мәскеудің оңтүстік-шығысындағы тұрғын үйдің жанында электронды самокатқа жасырылған жарылғыш құрылғы арқылы өлтірілген.
ҚАЗА ТАПҚАН ГЕНЕРАЛ
Baza телеграм-арнасының деректерін келтірген Радио Свабода басылымы қаза болғандар генерал-лейтенант және оның көмекшісі немесе жүргізушісі екенін хабарлады.
ASTRA телеграм-арнасының деректері бойынша, қаза болған генерал-лейтенант – Ресей Қарулы Күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерінің басшысы Игорь Кириллов.
Mash және "112" арналарында да осы ақпарат расталған.
Ақпарат ресми түрде әлі расталған жоқ.
ГЕНЕРАЛ ТУРАЛЫ
Генерал-лейтенант Игорь Кириллов Ұлыбританияның санкция тізімінде. Оған Украинада химиялық қару қолдануға қатысы бар және жалған ақпарат таратты деген айып тағылған. АҚШ пен оның одақтастары Ресейдің украиналық әскери қызметкерлерге қарсы хлорпикрин деп аталатын улы зат қолданғанын мәлімдеген.