Сонымен қатар, ол Украинаға әлі де НАТО-ның қару түріндегі көмегі керек екенін айтты.
ERNUR.KZ. Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов Украина НАТО-ның көмегінсіз елдің әуе кеңістігін жаба алатынын мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.
Сонымен қатар, ол Украинаға әлі де НАТО-ның қару түріндегі көмегі керек екенін айтты.
"Қару-жарақтарыңыз қорабында жатса, бізге беріңіз", - деді ол.
Бұған дейін АҚШ Украина әуе кеңістігін жабу жоспары жоқ екенін растаған болатын. Мұндай шара Ресеймен тікелей қақтығысты білдіретіні айтылды.