Украина Ресейдің тағы бір облысына шабуылдай бастады

0
354

Ресейдің Брянск пен Белгород қалаларында жарылыстар болды.


Украина Ресейдің тағы бір облысына шабуылдай бастады

ERNUR.KZ. Брянск облысының губернаторы Александр Богомаз ресейлік әскерилер бір сағат ішінде 7 дронды тауып, атып түсіргенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Жергілікті Telegram-арналарда Брянскіде жарылыстың дыбыстары естілетін кадрлар тарады. Куәгерлер жарылыс қатты болғанын айтады.

Әдеттегідей губернатор Богомаз зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ деп мәлімдеді, бірақ жедел және шұғыл қызметтер сол жерде жұмыс істеп жатыр.

Ресейдің Белгородында әуе дабылы жарияланғаннан кейін бірінен кейін бірі жалғасқан жарылыстар легі естілді. Жергілікті халық қазірдің өзінде "құлатылған әуе нысандарының сынықтарын" көрсетіп жатыр, бірақ губернатор Гладков бұл жағдайға ешқандай түсініктеме берген жоқ.