Украинада әскери жағдай 2022 жылы 24 ақпанда енгізіліп, келесі күні Владимир Зеленский жаппай мобилизация туралы жарлыққа қол қойды.
фото: AP Photo / Nariman El-Mofty
ERNUR.KZ. Мобилизациядан жалтарғандар мен адамдарды шетелге заңсыз өткізетіндер үшін жазаны қатайту туралы заң жобасы Украинаның Жоғарғы Радасына енгізілді, деп жазады sputnik.kz.
"Слуга народа" партиясынан сайланған депутат Максим Павлюк мобилизациядан жалтару және адамдарды шетелге өткізіп жіберудің жазасын қатайтып, соттарға жеңілірек жаза кесуге немесе сынақ мерзімін беруге тыйым салуды ұсынып отыр. Ол тиісті заң жобасын Жоғарғы Радаға жолдады", - деп жазылған Telegram каналында жарияланған хабарламада.
Басылым жариялаған ақпаратқа сәйкес, депутат әскерге шақырылғандарды шетелге заңсыз өткізгендерді 3-5 жылға емес, мүлкін тәркілеп, әскери жағдай режимінде 7-9 жылға соттауды ұсынып отыр.
Украинада әскери жағдай 2022 жылы 24 ақпанда енгізіліп, келесі күні Владимир Зеленский жаппай мобилизация туралы жарлыққа қол қойды. Соғыс жағдайы кезінде 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдарға Украинадан шығуға тыйым салынған. Елде мобилизация кезінде әскери қызметтен жалтарғандар бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.